Қазақстаннан жерді кімдер сатып алғаны туралы ақпарат ашық болуы керек - Д. Көшім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан жерді кімдер сатып алғаны туралы ақпарат ашық болуы керек. Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында комиссия мүшесі Дос Көшім осылай мәлім етті.
None
None

«Біздің тобымызда осы комиссиядағы көзқарас айтылды негізінен. Екі ұсыныс бар: біріншісі, жер сатылмасын. Екіншісі, жер белгілі шарттармен сатылсын деген. Бұны қайталаудың қажеті шамалы. Дегенмен, қазіргі таңда халықтың арасында осы күнге дейін «Қазақстанның жерінің бәрін сатып алған бес адам бар, он адам бар» деген ақпарат жүр. Біреулердің аты, енді біреулердің тегі аталады. Ақпарат нақты емес. Менің ойымша, бұндай мәліметтер ашық жариялануы керек. Соңғы мәліметтер бойынша жер кімнің қолында екенін халық білсін. Кім қанша жер сатып алды, ол кім? Егер бұл мемелкеттік құпия болмаса, халық оны білуі керек», - деді Д. Көшім.

Бұл ретте комиссия мүшесі жерді сатып алудың барысында жіберілген олқылықтарының өзі жеке мәселе ретінде қарауды қажет етеді.

Соңғы жаңалықтар