Қазақстанның алтын-валюталық резерві 52 млрд. долларды құрады - Елбасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын барысында Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында ағымдағы жылы 144 жоба жүзеге асатынын және 47 жаңа жобаның құрылысы басталғанын айтқан болатын. Осыған орай Президент Н. Назарбаев бағдарлама аясындағы осы жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып өтті.
«Біз қазіргі күні бұл жобалардың қай өңірге салатынын және ондай кәсіпорындардың қай салаға жататынын анық білеміз. Сондықтан да осы жерде жобалардың межелеген уақытта толық жүзеге асатыны туралы Үкімет басшысы мен министр маған сөз бере алар ма екен», деді Елбасы Премьер-Министрге қаратып айтқан көзінде. Өз кезегінде Үкімет басшысы биылғы жобаларды 100 пайыз орындау тек 2010 жылғы бюджет нақтыланғанда ғана белгілі болатынын алға тартты.
«Егер, бюджет арқылы жобаларды қаржыландыру мәселесі толық шешімін тапса, онда биылғы жобаларды толық жүзеге асыра аламыз деп сөз беремін», деді К. Мәсімов.
Бұған Индустрия және сауда министрі де қосылды. «Сөз берген екенсіздер, бұл бақылауда болады. Осы бағытта Үкімет былтыр жыл бойы жұмыс істеді. Сонымен бірге мен осы салаға 8 млрд. доллар ұлттық қордан қаражат бөлінсін деп шешкенмін. Бұдан басқа бюджеттік қаражаттар да жұмсалатын болады. Ал тағы бір тоқтала кететін жайт, бүгінгі Қазақстанның алтын-валюталық резерві 52 млрд. долларды құрады. Сондықтан мүмкіндік мол, жұмысқа кірісу керек, қаржыны игеру қажет», деді Н. Назарбаев.