Қазақстанның аумақтық және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі өте зор - экономикалық форум

«Агротехника» компаниясының директоры италиялық Джорджио Понци. Бұл туралы ол бүгін елордада «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты тақырыппен өтіп жатқан IV Астана экономикалық форумының азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты өткен жалпы сессиясы барысында айтты.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан - агроөндіріс кешенін дамытуға қажетті жер және табиғи ресурстарға бай ел. Сондай-ақ Қазақстан - егістік алқаптары мол мемлекет. Осыған қарай аталмыш ел аймақта астық пен ұн экспорттаушы болып отыр. «Ал бұл азық-түлік өнімдерінің жаһандық азық-түлік нарығы үшін қаншалықты маңызды екендігі баршаға мәлім. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын экономиканың тұрақты дамып отырған саласы ретінде қарастыруға болады. Өйткені ол мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға ие болып келеді. Оның үстіне аталмыш салаға жаңа экспорт көздерін ашу үшін инвестициялар да көптеп тартылуда», - дейді директорлар кеңесінің мүшесі.
Оның айтуынша, Қазақстанның аграрлық саланы қолдауға бағытталған жан-жақты саясаты мен осы саланы дамыту үшін заманауи технологиялардың тартылуы - мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып, экспорт мөлшерін ұлғайта түсуге мүмкіндік береді. «Мен ТМД-ға мүше елдердің көбінде жұмыс істедім. Ал Қазақстан экономикасы туралы айтарым: ол үздіксіз дамып келеді. Оның ішінде аграрлық сектордың даму қарқынын ерекше атап өтуге болады. Жалпы алғанда, азық-түлік қауіпсіздігі өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көптігі ғана емес, сонымен қатар осы өнімдердің халықаралық талаптарға сәйкестігі де. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты арттыра берудің маңызы зор. Өйткені Қазақстанның агроөндіріс кешенінде жаңа, жоғары технологияларды енгізуде көптеген пайдаланылмаған резервтер бар. Осы резервтер Қазақстан үшін инвестиция тартуда мол мүмкіндік болады», - деді Джорджио Понци.