Қазақстанның Австриядағы елшілігінің бастамасымен Семейдегі нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушыларына қайырымдылық көмегі көрсетіледі
Бұл жайында Қазақстан тарапы белсенді атсалысқан дәстүрлі Вена халықаралық базарының барысында мәлім болды, деп хабарлады Қазақстанның Венадағы елшілігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттар қауымдастығының басқа мемлекеттерімен қатар, Қазақстан да осынау игі шараға белсенді атсалысып, әлем балаларына көмектесуді мақсат ететін Біріккен Ұлттар Ұйымының қайырымдылық күш-жігерлеріне қолдау көрсетіп келеді.
Қараша айының соңында өткен қайырымдылық шарасы биыл мұсылман әлемінің басты мерекесі - Құбан айтпен тұстас келді. Жыл сайын өткізілетін халықаралық базардың негізгі идеясы - Ұйымға мүше барлық елдерді балаларды қорғау сияқты адами идеалдың орталық алаңында рухани және мәдени жақындастыру болып табылады.
Шараға қатысқан елдер өз ұлттық мәдениеттерінің үлгілерін, кәдесыйларын және ұлттық дәмдерін таныстырды. БҰҰ-ның Әйелдер гильдиясының ұйымдастырушы комитеті бұл шарадан түскен қаржыны әлем елдерінің балаларына көмектесу үшін білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобаларға аударады. 2008 жылы өткен базардан түскен қаржы әлем бойынша 36 жобаға жұмсалып, 23 мың балаға көмек көрсетілген еді. 2008 жылы қайырымдылыққа аударылған сома 207 600 еуроны құрады.