16:12, 05 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігі ауызашар берді
БАКУ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігі Рамазан айының құрметіне ауызашар берді.
Бұл шараға Әзірбайжанда тіркелген мұсылман елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы Р.Гасанов, Әзірбайжандағы ЕҚЫҰ Кеңсесінің басшысы Б.Джанкорель, Ислам Конференциясы Ұйымының диалог пен ынтымақтастық жөніндегі Жастар форумның бас хатшысы Э.Искендеров, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының басшылығы және Әзірбайжан мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
ӘР Дін істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Х.Оруджев шараға қатысушыларға Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевтің атынан Құранның ескерткіш даналарын тапсырды.