Қазақстанның әзірлеген дағдарыстан кейінгі дамудың тетіктері Ресей үшін де пайдалы болады - Мәскеудегі «дөңгелек үстел»
Ресейдің мүмкіндіктері» деген тақырыпта өткен «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бішімбаев айтты.
«Қазақстанның тәжірибесі Ресей тарабының айрықша ықыласын туғызып отыр, себебі біз дағдарыстан кейінігі кезеңнің стратегиясын нақты тұжырымдап отырмыз. Бұл тетік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясына, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасында негізделіп отыр», -деп атап көрсетті вице-министр өз сөзінде.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан қолданып отырған тетіктердің көп бөлігі дағдарыс тұсында талдап жасалған. Олардың қатарында мемлекеттік тапсырыс, қазақстандық қамтуды арттыру шаралары, республикада жаңа өндірістер құру шаралары бар. Ал Ресейде мұндай тетіктер енді ауызға алынып жатыр.
«Индустрияландыру бағдарламасы, жұмыс орындарын құру және қазақстандық экспортты өсіру бағдарламасы бізде жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан мен Ресей экономистердің жұмыстарындағы басты айырмашылық осы. Екі ел экономикаларының ауқымындағы айырмашылықтарға қарамастан, дағдарыстан кейінгі тиімді даму үшін қажетті тетіктер әмбебап және шамалы өзгертулердің негізінде көрші елдің экономикасында қолданыла алады. Қазақстанның тәжірибесі көптеген сипаттар бойынша Ресей үшін аса тиімді болып табылады», - деді Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бішімбаев.