20:51, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстанның Бакудегі Елшісі Әзірбайжанның төтенше жағдайлар министрімен кездесті
БАКУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ – Бүгін Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Серік Пірімбетов Әзірбайжанның төтенше жағдайлар министрі Кямаледдин Гейдаровпен кездесу өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сұхбат басында С.Пірімбетов Мемлекет басшысының «Дағдарыстан ? дамуға» Жолдауының жекелеген сәттеріне тоқталды. Әлемдік қаржы дағдарысының салдарларына қарамастан Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқа проблемалармен қатар, Қазақстандағы төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару қызметін жаңғыртуға және жауынгерлік даярлығын арттыруға жете көңіл бөліп отыр.Сонымен қатар, сұхбат барысында екі ел төтенше жағдайлар министрліктерінің өзара іс-қимыл салаларындағы әзірбайжан-қазақстан қатынастарының перспективасы талқыланды. К.Гейдаров мемлекеттік резерв үшін 260 мың тоннаға дейінгі көлемде астық сақтауға арналып Әзірбайжанда салынып жатқан элеватор туралы қазақстандық елшіні хабардар етті.Сонымен қатар, әзірбайжандық министр ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың атына Әзірбайжанға сапармен болып қайтуға шақыру жіберу ниеті туралы хабарлады.