Қазақстанның банк жүйесі активтерінің кемінде 10 пайызы исламдық қаржыландыру болады - ҚР Ұлттық банкі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның банк жүйесі активтерінің кемінде 10 пайызы исламдық қаржыландыру болады. Бұл туралы бүгін «ASTANA INBEST 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
None
None

«Біз Астана халықаралық қаржы орталығын дамытудың маңызды бағыты исламдық қаржыландыру болады деп санаймыз. Біз Астананы өңіріміздегі исламдық қаржыландыруды дамытуда көшбасшы болады деп есептейміз», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар ол қосымша бағыт ретінде тікелей инвестициялар қорын, венчурлық капиталды одан ары дамыту қарастырылатындығын баса айтты.

«Біз инвесторларды бұрынғы кеңестік кеңістікте баламасы жоқ бірегей шартпен қамтамасыз ететін боламыз», - деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум