Қазақстанның барлық аумағыда қар жауып, күшті жел соғады, ал Ақмола облысында боран ұйтқиды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстаның барлық аумағының ауа райы циклон ықпалында болып, қар жауып, күшті жел тұрады, республиканың орталық және солтүстік аудандарында боран соғады,
None
None

ал облыстардың жекелеген аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтріне сілтеме жасап.

Ақмола, Павлодар облыстарында жел екпіні секундына 15-22, кей жерлерде 25-27 метрге жетіп, қар жауады, боран соғады деп күтілуде.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады және жел қуаты секундына 15-22 метрге жетеді. Атырау облысында боран тұрады.

Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында да боран соғады деп күтілуде, жел жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге жетеді. Қызылорда мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының да кей жерлерінде көктайғақ болып, жел екпіні секундына 17-23 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында боран соғып, кей жерлер көктайғақ болатындығы, жел қуаты сеундына 15-20 метрге дейін күшейетіндігі болжануда. Маңғыстау облысында да жел екпіні 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Қазақстанның су нысандарының басым бөлігінде мұз қату үдерісі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өзендерінде су деңгейінің ауытқу байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар