Қазақстанның барлық өңірінде кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылады - Үкімет отырысы

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

«Олар негізгі қызметінен бөлек оқыту, кеңес беру және ақпараттық орталықтардың рөлін атқаратын болады. Біз биылғы жылы мұндай орталықтарды барлық облыс орталықтарында, 3 моноқалада және Семейде ашуды көздеп отырмыз», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың 1 мамырына қарай мобильдік орталықтарды барша өңірлерде іске қосу жоспарланып отыр. «Бұл бағытта біз «Атамекен» Одағымен белсенді түрде жұмыс атқарудамыз», - деп түйді Қ. Өскенбаев.

Соңғы жаңалықтар