Қазақстанның Бас прокуроры Чехияның Жоғарғы мемлекеттік прокурорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Чехияда іссапармен жүрген Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми бүгін Чех Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуроры Ренат Весецкамен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Чех Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None

 деп хабарлайды Қазақстанның Чех Республикасындағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Меморандум прокурорларды даярлау және кәсіби біліктіліктерін арттыру саласындағы өзара іс-қимылды, жұмыс тәжірибесін алмасуды, сондай-ақ ұлттық заңнама, заңнамалық қызмет туралы ақпарат алмасуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар