10:22, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазақстанның бастамасы бойынша ЕҚЫҰ аясында Венада электронды дауыс беру жүйесінің даму мәселелері жөніндегі семинар өтеді
ВЕНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының гуманитарлық өлшеу қызметі аясындағы маңызды бастамаларының бірі ағымдағы жылғы қыркүйектің 16-17-сі күндері Венада Ұйымға қатысушы мемлекеттердегі электронды дауыс беруді пайдаланудың болашағы мен оның қазіргі жағдайы туралы ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы өткізетін арнайы семинар жұмысы болмақ.

ЕҚЫҰ баспасөз баяндамасында хабарланғандай, іс-шара барысында халықаралық сарапшылар қауымдастығының танымал өкілдері электронды үдерістердегі жаңа технологияларды пайдаланудың қазіргі стандарттары мен өтпелі тәжірибесін, сондай-ақ ЕҚЫҰ аумағындағы электронды дауыс беру жүйсенің одан әрі даму жағдайы мен заңнамалық реттеу нормаларының жетілу мәселелерін талқылайды.
Семинарды ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюромен бірлесіп ұйымдастырады.