Қазақстанның басым аумағында 19 шілдеде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында 19 шілдеде құбылмалы ауа райы күтілуде, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек оңтүстік пен шығыста күн ашық.
None
None

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы15-20 м/с.-қа жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз елдің басым аумағында жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде аптап ыстық сақталады.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында да аптап ыстық.

Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөліктерінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі өте жоғары.

Соңғы жаңалықтар