08:33, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазақстанның басым аймағындағы қатты ыстықтар бүгін де сақталады - Қазгидромет
СТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін тамыздың 20-сы күні Қазақстанның батыс бөлігі өзімен бірге найзағайлы жаңбырлар мен ұйытқымалы желдер алып келетін атмосфералық ағымдармен байланысты - циклонның ықпалында болады. Ал Қазақстанның қалған аумақтарының ауа райын антициклон қалыптастырады.

Мәселен, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, күндіз Қостанай, Атырау, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-22 м/с екпінде жел болады деп күтілуде.
Ал Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстықтар сақталады.
Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше, бүгін Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстарының кей аумақтарында аса жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.