09:00, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның басым аймақтарында қатты жел тұрады - Қазгидромет
ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Республиканың көптеген бөліктері атмосфералық фронттардың ықпалында болады, кей жерлерде жауын-шашын, ұйытқымалы жел, көктайғақ, тұман болады. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Казгидромет" РММ-ің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Күндіз Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысында баяу борасын күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде күші 15-20 м/с дейін жететін ұйытқымалы жел соғады, жаяу бұрқасын болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысының Жалаңашкөл маңында оңтүстік-шығыстан соғатын жел 18-23 м/с, ал екпіні 30 м/с дейін күшейеді.