Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Тек, Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады.

Кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с болады.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз найзағай, шаңды дауылмен күшейеді.

Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Ақтобе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күндіз найзағаймен күшейеді.

Соңғы жаңалықтар