Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстік бөлігінде желдің екпіні 30 м/с-дан асуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с (күндіз 30 м/с) болады, кей жерлерде көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с болады. Кей жерлерде қатты бұрқасын соғып, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде қатты бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 30 м/с болады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады, түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұрқасын күтіледі.

Атырау, Маңғыстау облыстарында түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум