04:52, 03 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстанның батысында жел күшейіп, күн салқындамақ
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 4 қазан күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 25 метрге жетпек.
Сонымен қатар 5-6 қазанда түнде ауа температурасы 1-3 градус суықтыққа дейін төмендейді. Мұндай ауа райы көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарында да орын алуы әбден ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар қабылдауда.
Жалпы, жел өңірде 2 қазаннан бастап күшейді.
Айта кетейік, биыл Батыс Қазақстанда қыркүйек айы әдеттегіден ыстық болып, кәдімгі жаз орнағандай көрінген-ді.