Қазақстанның Беларустағы елшісі Радошкович мектеп-интернатындағы Ресей Батыры Б.Бейсекбаевқа арналған көрмені тамашалады

АСТАНА. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Беларустағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында Минск облысы, Молодечненский ауданындағы Н.Гастелло атындағы Радошкович мектеп-интернатында болды.
None
None

Сапар барысында Кеңес Одағының батыры Николай Гастеллоның мемориалы мен біздің жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаев жерленген бауырластар зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі болды, деп хабарлайды ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.

Сержант Бақтыораз Бейсекбаев - капитан А.Маслов экипажының радист-атқышы, ол 1941 жылғы маусымның 26-сында жаудың техникасы мен әскерлерінің шоғырланған орнына самолетін бағыттап, әуеден шүйіліп, таран жасаған. 1996 жылы Ресей Президентінің Жарлығымен В.Масловтың экипажы және Б.Бейсекбаевқа Ресей Батыры атағы берілген. 1998 жылы мамырдың 7-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Б.Бейсекбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілген.

Салтанатты шарада сөз алған елші Қазақстанның фашизмді жеңудегі айтарлықтай үлесі бар екенін айтты. А.Смирнов әрбір бесінші қазақстандықтың майданға аттанғандығын, оның жартысының оралмағанын, ал оралғандарының қатарда қалып, Қазақстанда еңбектері сіңген құрметке ие болып жүргендіктерін еске салды. Елші ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ардагерлерге көрсетілуі тиіс көмек туралы ерекше айтылғанын атып өтті.

Елші Беларустың әртүрлі аймақтарында іргелі республикалық Даңқ мемориалдарынан басқа, қазақстандық жауынгерлерге де арналған ескерткіштер, мемориалдық тақтайшалар мен мүсіндер орнатылып, көше аттары берілгендігі туралы ақпарат берді.

Мерекелік шара аясында елші мектеп-интернаттың әуе тараны мұражайында болып, жақында ғана Алматы облысы Балқаш ауданы, Бақанас аулының Бақтыораз Бейсекбаев атындағы №2 ОМ ұжымы әкелген деректермен толығып отырған Б.Бейскебаевқа арналған экспозициямен танысты.

Анатолий Смирнов мұражайға Алматы қаласындағы Беларус мәдени орталығы дайындап шығарған «азат етушілер» кітабын, сондай-ақ Беларус үшін соғысқан қазақстандық жауынгерлерге арналған фотоальбом мен фильмді табыстады.

Соңғы жаңалықтар