Қазақстанның Беларустағы елшісі журналистердің сауалдарына жауап берді

МИНСК. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат – Қазақтанның Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Смирнов Минскіде Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қазақстандық дипломаттың Беларус Президенті А.Г.Лукашенкоға сенім грамотасын табыс еткеннен және қызметіне кіріскеннен кейін жасаған алғашқы ісінің бірі болды, себебі соғыс жылдары үлкен ауыртпалықтарды бастарынан кешірген беларус халқы үлкен қайсарлық көрсетті және Беларус Ұлы Жеңіске баға жетпес үлес қосты. Ескерткішке гүл қою рәсіміне Минск қалалық атқару комитетінің, Минскіде тұратын қазақ диаспорасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, т.б. қатысты. Гүл қою рәсімінен кейін А.Смирнов беларус бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, ол Қазақстан мен Беларуссияның арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдарды жандандыру және аймақаралық ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы мәлім етті. Осыған байланысты, дипломат алдағы ақпан айында Қазақстанның Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстары делегацияларының Беларусқа сапарлары жоспарланып отырғанын хабарлады. Оған қоса, мамыр айында беларус делегациясының Қазақстанның Қарағанды облысына сапары жоспарланып отыр. Осылайша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның бесінші мәжілісі барысында қабылданған шешімдерді ағымдағы жылы жүзеге асырмақ ниетте.
Соңғы жаңалықтар