12:38, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын Үндістан қолдайды
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиенбай/ - Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын Үндістан Республикасы қолдайтындығын растады. Бұл туралы Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту жөніндегі бірлескен мәлімдемеде айтылған.
«Қазақстан да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелігіне Үндістан Республикасының кандидатурасын қолдайды. Үндістан Республикасы Қазақстанның қуатты ұстанымын атап өтіп, 2017-2018 жылдары кезеңінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасына қолдау көрсетті. Тараптар БҰҰ және басқа да көпжақы форумдар аясында өзара қолдау көрсетуге келісті», - делінген бірлескен мәдімдемеде.