16:52, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Қазақстанның Чех республикасындағы Елшісі Еуропа істері бойынша министр Ш.Фюлемен кездесті
ПРАГА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі Анарбек Қарашев Еуропа істері жөнінденгі министр Штефан Фюлемен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР-ның Чех Республикасындағы елшілігіне сілтеме жасап.Тараптар Еуроодақтағы чех төрағалығы ауқымында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен Чехия варасындағы екіжақты өзара қатынастары қозғалды.
.
Чех министрі Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әріптестік өзара қатынастарды тереңдетуге мүдделілігін білдірді және Қазақстанның еуропалық мемлекеттермен стратегиялық ынтымақтастығын дамытуға ұмтылысын қолдады. Бұл орайда Елші кездесу аясында министрді Қазақстанның «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды.