08:17, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстанның Чехиядағы Елшісі ТМД елдері бойынша әріптестерімен кездесті
АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығымен байланысты Қазақстан Елшісі Анарбек Қарашев бейсенбі күні Прагада Чех Республикасында тіркелген ТМД елдері дипломатиялық миссияларының басшыларымен жұмыс бабындағы түскі ас өткізді.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шара барысында қазақстандық дипломат әріптестерін біздің еліміздің аталмыш ұйымға төрағалығының аясындағы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың келер жылы ЕҚЫҰ саммитін шақырту туралы бастамасына айрықша тоқталып өтті.
Дипломатиялық миссия басшылары сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелерін талқылады.