Қазақстанның даму банкі 4 миллиард АҚШ долларына дейін сыртқы қарыздарды ел экономикасына тарту мүмкіндігіне ие
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда отандық бизнесті қолдау, өңдеуші өнеркәсіпті орта және ұзақ мерзімді несиелеу көлемін ұлғайтуға қатысты жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ отырыста Қазақстанның даму банкі республиканың банкілік секторында ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздерінің бірі болып есептелетіндігі аталды. Бүгінде аталмыш банктің инвестицияларының қатысуымен, шамамен 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде қазақстандық компаниялардың 62 инвестициялық жобасы іске асырылуда.
Капитал нарығында ақшалай ресурстардың құны өзгеруіне және жалпы экономикалық белсенділіктің азаюына қарамастан, Қазақстанның даму банкі әлемдік қаржылық дағдарыс басталған сәттен бастап бұрын берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлерін арттырып болмаса қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия өндіріп алып жатқан жоқ. Банк клиенттерінің міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Банк осыған дейін берілген қарыздар бойынша үстеме табыстарды алуды мақсат етпейді және инвестициялық жобаларды іске асыруды өз жұмысының тиімділігі деп біледі.
Банк бұдан әрі қарыз алушылардың қолданыстағы кәсіпорындарын ретке келтіруді, сонымен бірге бизнестің транспаренттілігін қамтамасыз ететін, мемлекеттің индустриалды саясатының басымдықтарына сәйкес келетін және даму болашағы зор компаниялардың жаңа бастамаларын қолдайды. Ал Елбасының инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстанның даму банкі ағымдағы жылдың наурыз айының соңында коммерциялық банктерге банкаралық несиелеу түрінде жаңа қаржы құралын ұсынбақ. Инвестициялардың көлемі 5-тен 50 миллион АҚШ долларына дейін жететін өңірлік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қорландыру шараларын жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Өз кезегінде аталмыш шара банкке инвестицияларының ауқымын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Осы кезде банк «Самұрық-Қазына» қорының қолдауының арқасында, 4 миллиард АҚШ долларына дейін сыртқы қарыздарды ел экономикасына тарту мүмкіндігіне ие болып отыр. «Қазақстанның Даму Банкі» ағымдағы жылдың 26 ақпанында өткен кәсіпкерлер кеңесінде Елбасының банкілік секторға берген тапсырмаларын ескере отыра, экономиканың өңдеуші секторында инвестициялық жобаларды қолдауды жалғастырады.