«Қазақстанның даму банкі» өңдеуші салада 61 жобаны қаржыландыруды бастады
«Қазақстанның даму банкі» АҚ желісі бойынша Ұлттық қордан бірінші және екінші траншы бойынша бөлінген қаражат есебінен өңдеу өнеркәсібін ұзақмерзімді қаржыландыру аясында жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 61 жобаны қаржыландыруды басталды», - деп атап өтті ол.
Мұнда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қаржыландыру лимиті 200 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін болатын несие беру туралы айтылып отыр.
Атап айтқанда, келесі жобалар қаржыландырылды: Павлодар облысында түйіршіктеу цехының құрылысы және ұнтақты полипропилен өндіруге арналған жабдықты сатып алу, Жамбыл облысында экстракциялы фосфор қышқылын өндіру цехын қалпына келтіру, Оңтүстік Қазақстан облысында төсек-орын бұйымдары мен түкті бұйымдарды өндіруге арналған жабдықты сатып алу және оның құрылысы, Алматы облысында алкогольсіз сусындар өндірісін кеңейту, Қызылорда облысында тұз шығару зауытын жетілдіру, Оңтүстік Қазақстан облысында шыны бұйымдар өндірісін кеңейту, Алматы облысында шойын өндіру зауытының құрылысы, Оңтүстік Қазақстан облысында май өндіретін рафинация цехының құрылысы, Алматы қаласында шойын мен болат өндірісіне арналған болат балқытатын пеш сатып алу, Ақмола облысында алтынды кенді қайта өңдеуге арналған жабдықты сатып алу, Алматы және Ақтөбе облыстарында құрылыс материалдарын өндіруге арналған жабдықты сатып алу, Ақмола облысында пестицидтер мен өзге ауыл шаруашылық химия өндірісіне арналған жабдықты сатып алу, Алматы облысында полипропилен қаптар өндіруге арналған жабдықты сатып алу.
Банктің басқарма төрағасы хабарлағанындай, Ұлттық қордың бірінші траншы бойынша (50 млрд теңге), ҚДБ олармен алдында тиісті несие келісімдерін бекіткен коммерциялық банктер өңдеу өнеркәсібінде 31 млрд 969 млн теңгеге 27 жобаны мақұлдады, 23 млрд 122 млн теңгеге 24 жобаны қаржыландыру басталды.
Ұлттық қордың екінші траншы бойынша (50 млрд теңге) екінші деңгейдегі банктер 41 млрд 526 млн теңгеге 44 жобаны мақұлдады, 32 млрд 712 теңгеге 37 жобаны қаржыландыру басталды.