Қазақстанның Даму банкінің активтері 900 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрайды

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Қазақстанның Даму банкі» (ҚДБ) АҚ-ның активтері 900 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрайды. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кеңейтілген отырысында ҚДБ-ның басқарма төрағасы Ғали Есқалиев мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, бірінші жартыжылдықта банктің активтері 17 миллиард теңгеге артып, 867 миллиард теңгені құрады. «2010 жылдың жоспарына сәйкес активтердің көлемі 190 миллиард теңгеге немесе 22 пайызға артып, 1 триллион теңгеден асуы тиіс», - деді Ғ. Есқалиев. Атап айтқанда, алдын ала аудиторлық мәліметтер бойынша бірінші жартыжылдықта таза кіріс 2,5 миллиард теңгені құрады, ал Қазақстан экономикасына есепті кезеңде шетелдік қарыздар түрінде 480 миллион АҚШ доллары тартылды.

Соңғы жаңалықтар