Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыруда мәслихаттардың рөлі өте зор
Бұл бүгін Алматы қалалық мәслихаттындағы "Нұр Отан" ХДП депутаттарының форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Біздің фракция партияның қалалық, аудандық филиалдарының жұмысына белсенді қатысады. Мәслихаттың ағымдағы шақырылымында 27 сессия өткізілді. Оның жетеуі кезектен тыс ұйымдастырылды. Бұл сессияларда 140-тан астам шешім қабылданды. Оның көпшілігі нормативтік- құқықтық актілер болды. Мәслихат шешімдерінің орындалуына жедел бақылауды күшейту үшін 7 тұрақты комиссия және әр ауданда 7 аумақтық депутаттар тобы жұмыс жасауда", дейді "Нұр Отан" ХДП-ның депутаттар фракциясының басшысы, Алматы қалалық филиалы Саси кеңесінің мүшесі Тілектес Есполов. Мәслихаттың ғылым, білім, мәдениет, спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының айтуынша, былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда білім беру саласына бағытталған қаражат 3,5 пайызға өсті. Ал денсаулық сақтау саласында бұл 15,2 пайызды құрады. Сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдауға бөлінген қаражат 1,3 есе ұлғайды.