17:39, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне ЖІӨ-нің 5,5 пайызы жұмсалып отыр - Ж.Досқалиев
СТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгінгі күні Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне бөлініп отырған қаражаттың көлемі ЖІӨ-нің 5,5 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада ашылған «Болашақ госпиталі» І-ші халықаралық медициналық іскерлік форумында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті.
«Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы маңызды экономикалық өсуге қол жеткізгені мәлім. Жылдан-жылға денсаулық сақтауға шығыстар көбейюде. Биылғы жылы оның көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 3,2 пайызды құрады. Өздеріңіз білесіздер, қазір жүріп жатқан мемлекеттік бағдарлама бойынша 2010 жылы ЖІӨ-ден бөлінетін қаражатты 4 пайызға жеткізу көзделген. Алып қарасаңыз, 3,2 пайыз бұл тек мемлекеттік шығын. Ал мемлекеттік емес шығындар 2,5 пайыздан көп. Демек, біздің жалпы медицина саласына шығарылып отырған қаражаттың көзі ЖІӨ-нің 5 пайызына жетеді», - деп атап өтті ол.