Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Валют-Транзит Банктің» салымшыларына 4,25 млрд. теңге төлейтін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2007 жылы банкротқа ұшыраған «Валют-Транзит Банктің» салымшыларына үстіміздегі жылдың 10-шы тамызынан бастап депозиттері бойынша қосымша қаржы төленеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ төрағасы Бақыт Қоғылов мәлімдеді.
None
None

«Валют-Транзит Банктің» депозиттерінің көлемі 700 мың теңгеден асатын салымшылары депозиттегі қалдық бойынша мөлшерлемесіз қосымша кепілдік берілген өтемақы ала алады. Әр салымшыға төленетін ақшаның көлемі 5 млн. теңгеден аспайды, - деді Б. Қоғылов.

Осылайша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы 4995 салымшыға жалпы көлемі 4,25 млрд. теңге көлемінде қосымша өтемақы төленеді.

«Негізгі қарыз бойынша 4772 салымшыға қатысты талаптар толық көлемде орындалады, ал салымдары бес млн. теңгеден асатын 223 салымшыға қатысты талаптар, тарату комиссиясының жұмысы аясында орындалатын болады», - деді ол.

2007 жылы 60 мыңнан астам салымшыға 13,8 млрд. теңге көлемінде өтемақы төленген болатын.

Соңғы жаңалықтар