Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне қатысты негізгі келіссөздер биыл аяқталады - Қ. Келімбетов

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне қатысты негізгі келіссөздер биыл аяқталады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен
None
None

толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Вице-премьер Қайрат Келімбетов осылай мәлім етті.

Өз сөзінде Вице-премьер Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісі елімізде 1996 жылы қолға алынғанын айта келе, 2003 жылы осы Ұйымға енетін 43 елмен келіссөздер жүргізу басталғанын жеткізді. «Бізден сәл ғана бұрын бастаған Ресей былтыр ғана келіссөздерді аяқтады. Биыл Ресей сәйкесінше заңдық тұрғыдан ратификациялау жұмысын жүргізеді. Ал өзіміздің жұмыс тобымыздың кестесіне сәйкес, біз ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін ДСҰ-ға кіру жөніндегі негізгі келіссөздерді аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Қ. Келімбетов.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ДСҰ-ға кіру мәселелерімен негізінен Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанат Айтжанова айналысатынын айтып, алдағы уақытта осы шеңберде Мәжілістегі Үкімет сағатын өткізуге болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар