Қазақстанның екі облысында бұрқасын салдарынан автожолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 30 желтоқсанда, сағат 20:00-дегі мәліметтер бойынша Қазақстанның екі облысында қозғалыс шектелуі сақталуда, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.
None
None

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынға байланысты автожолдарда автокөліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс шектелді:

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз», 704-900 шақырымдар, Аягөз қаласынан Ақсуат ауылына бұрылысқа дейін;

2. «Омбы-Майқапшагай»,. 942-1002 шақырымдар, Кеңтарлау ауылынан Көкпекті ауылына дейін.

Сонымен бірге мына автожолдарда тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк автокөліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

3. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары», 6-66 шақырымдар, Ушанов ауылынан Серебрянск ауылының бұрылысына дейін;

4. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары», 100-167 шақырымдар, Октябрь кентінен Зырян қаласына дейін;

5.«Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы», 54-102 шақырымдар, Первомайка кентінен Шемонаиха қаласына дейін.

6. Сондай-ақ «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 108-123 шақырымдарында Шемонайхадан РФ шекарасына дейін қозғамдық және жүк автокөлігі үшін қозғалыс шектелді.

Қарағанда облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім шектелуі) Екатеринбуірг-Алматы» автожолының 1492-1854 шақырымдарында, Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейінгі учаскеде автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелуі сақталуда.

Сағат 19:00-ден бастап «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1369-1425 шақырымдарында, Осакаровка кентінен Теміртау қаласына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар