Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысында орман өрттерін сөндіруге қатысуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысында орман өрттерін сөндіруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Әуе кемелері мен кәсіби дайындалған экипаж жалпы 45 циклдан тұратын 180 тонна суды өрт ошақтарына тастады. Қазақстан борттары әуеде 10 сағаттан астам уақыт ұшып өтті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Қазақстанның әуе кемелері Даламан қаласының іргелес аумағының отпен бақыланбайтын учаскесінде шоғырланған. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда және ертең таң ата қайта басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында ҚР ТЖМ күштері жіберілді.

«11 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында 16 құтқарушы және Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ 2 тікұшағымен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Каспий теңізінен және Кавказ тауларынан ұшып өтіп, Даламан қаласында орман өрттерін сөндіру бойынша құтқару жұмыстарына кірісті»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар