Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде қауіпсіздік мәселесі басты бағыттардың бірі болады - конференция

Ы. Қарашаның 26-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ЕҚЫҰ: аймақтық қауіпсіздік талаптары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Конференцияны ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультеті, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы бірлесіп ұйымдастырған.

 «Қазіргі таңда 1975 жылы қабылданған Хельсинки актісіне сәйкес мемлекетаралық қатынастардың принциптері, әскери-саяси, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік, адам құқықтарын сақтау ЕҚЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің ықпалдастықта жұмыс істеуін талап етеді. Бұл салалар бойынша мәселелер жетерлік. Оларды терең талдау 2010 жылы Қазақстан төрағалық еткен кезеңде маңызды бағыттардың бірі болмақ. Сондықтан оған Қазақстан тарапынан қазірден бастап дайындық керек», дейді шараны ұйымдастырушылар. Отырысқа ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының өкілдері, елшіліктер мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар