21:20, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Шығыс Еуропа елдерінің өзара іс-қимылына серпін берді - ЕҚЫҰ-ның Минскідегі кеңсесінің басшысы
МИНСК. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Шығыс Еуропа елдерінің өзара іс-қимылына серпін берді, деп мәлім етті ЕҚЫҰ-ның Минскідегі кеңсесінің басшысы Бенедикт Халлер Беларус саяси партиясы өкілдерінің ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуі барысында.
Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Ұйым ауқымында осы аймақта және өзара іс-қимылға және жалпы іс-әрекетке энергетикалық серпін бергеніне алғыс айтамыз, деп атап өтті Б.Халлер. Ол Қазақстан мен Беларустың арасындағы ЕҚЫҰ ауқымындағы өзара іс-қимылға серпін берілгенін және бұл Минскідегі ЕҚЫҰ жұмысына көмектесетінін атап көрсетті.