Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы толеранттылық және конфессияаралық келісімді дамытуға қомақты үлес қосуда - Кьель Магне Бондевик

bsp; Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресубликасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров бүгін Астанада Норвегияның Бейбітшілік және адам құқықтары жөніндегі орталығының президенті,
None
None

елдің бұрынғы премьер-министрі Кьель Магне Бондевикпен кездесу өткізді.

Орталық жетекшісінің сапары мақсаты - орталықтың Норвегияның Хельсинки комитетімен бірлесіп дайындаған және ағымдағы жылдың маусым айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ конференциясы аясында таныстырылымы өтетін Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы баяндама жобасын талқылау болды.

Омбудсмен К. Бондевикті мемлекеттің адам құқықтарын қорғау және ынталандыру, осы бағытта қабылданатын басқа да шараларының басымдықты бағыттарымен таныстырды.

«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы толеранттылық пен конфессияаралық келісімді дамытуға қомақты үлес қосуда», деді Кьель Магне Бондевик өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар