Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - еліміз үшін үлкен мақтаныш - оқытушы пікірі

sp;ОРАЛ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - еліміз үшін үлкен мақтаныш, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі мен саясатының арқасы. Бұл туралы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының аға  оқытушысы, саясаттанушы Сайлау Сүлейменов мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай мәртебелі міндет ТМД елдерінің  ішінде біздің мемлекетімізге тұңғыш ұсынылып отыр. Енді екі жылдан соң еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толмақ.

Қазақстандағы дінаралық және ұлтаралық татулық сақталып отырғандығы - еліміздің халықаралық танымал ұйымның келесі жылғы төрағалығына бірден-бір ұсынылуына себепкер фактор. «Меніңше, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі АҚШ, Еуропа елдері, Ресеймен екі жақты байланысымызды нығайта түсуге мүмкіндік береді. Аталған ұйымдағы төрағалық қызметін тиімді пайдаланып, мемлекетіміз өзге елдермен екі және көп жақты байланыстарын нығайтып алса, қандай жақсы! Жалпы ұлтжанды азамат ретінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді Отанымыз бен қазақ халқының мәртебесінің өсуі деп есептеймін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар