Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына арналған ресей-қазақстан консультациясы өтті

МӘСКЕУ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сәрсенбі күні Мәскеуде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тақырыбы бойынша, НАТО-мен және Еуроодақпен арадағы қарым-қатынас мәселелері мен басқа да жалпыеуропалық проблемалар бойынша ресей-қазақстандық консультациялар болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.Екі ел сарапшыларының делегациясына Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко мен Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов жетекшілік етті. Басқосуда Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге дайындығымен байланысты мәселелер егжей-тегжей талқыланды. Аталмыш ұйымның күнтәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікірлер алмасылып, ЕҚЫҰ-дағы реформаны жалғастырудың қажеттілігі баса атап көрсетілді. Тараптар еуропалық қауіпсіздікті нығайтудың жолдары, оның ішінде Еуропалық қауіпсіздік жөніндегі шарт туралы Ресей Президентінің бастамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша пікірлер алмасылды. Тараптар бірін-бірі НАТО-мен және Еуроодақпен арадағы қарым-қатынастарының жағдайлары туралы хабардар етті. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселесі бойынша Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрліктерінің арасында тұрақты консультацияларды жалғастыру туралы келісім жасалды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум