15:04, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстанның Еңбек министрлігі мен Германияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі федералдық министрлігі Ынтымақтастық туралы мәлімдемеге қол қойды
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Германия Федеративтік Республикасының Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі парламенттік мемлекеттік хатшысы Ральф Браукзипемен кездесті,
деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Тараптар екі ведомствоның жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі федералдық министрлігінің арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.