Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгелдің шығармашылық кеші өтті

СТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгелдің шығармашылық кеші өтті.
None
None

"Мен үшін Сәдібек Түгел ең алдымен жазушы, сонымен қатар атбегілікті, құсбегілікті қаламгерлікпен қатар алып жүрген Жазушылар одағының бір секциясы іспетті. Іскер азамат, ұйымдастырушылық қабілетімен де ерекше көзге түсіп жүр", деп атап өткен жазушы Әкім Тарази оның азаматтық келбетіне кеңінен тоқталды.

Сәдібек Түгелдің есімі халық арасында кеңінен танымал. Оның бастамасымен "Астана - Көкшетау" автобанының бойында Құлагердің алып ескерткіші бой көтерген болатын.

55 жылдық мерейтойына және шығармашылық жұмыстарының 35 жылдығына арналған есептік кеш иесі 2007 жылдан бері өзі ұйымдастырған "Қазанат" журналына басшылық жасайды. Бұл орай С.Түгелдің қоғам арасында қазанат ұғымының қалыптасуына сіңірген ұшан-теңіз еңбегін атап өткен де орынды. Ол зерттеп, талдап жазған "Қазанат" кітап-энциклопедиясы Мәскеуде өткен халықаралық байқауда ТМД елдерінің үздік кітабы, елімізде ең жақсы басылым болып танылған.

Ел ордасы Астанаға арналған 8 кітабы жарық көрген жазушы таяу арада "Құлыным" атты балаларға арналған жұрнал шығаруды қолға алды.

Соңғы жаңалықтар