10:49, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазақстанның энергия жүйесі Қырғызстаннан қуаттылығы 700 МВт энергия қабылдайды - «KEGOC» АҚ
АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Вегетация кезеңінде тамыздың басынан бері Қазақстанның бірыңғай энергия жүйелеріне Қырғызстаннан сағатына 700 МВт көлемдегі (күніне 17 млн. кВт )электр энергиясы тасымалданып отыр.

«KEGOC» АҚ-ның баспасөз парағында хабарланғандай, бұл секундына 215 текше метр су қабылдайтын Тоқтағұл СЭС-нан секундына 230 текше метр көлемде шығатын қосымша шығынға сәйкес келеді.
Қазіргі таңда мүдделі тараптар үкіметаралық келісім аясында 2009 жылдың желтоқсанындағы қабылданған міндеттерді толық көлемде атқарып отыр.
Ағымдағы маусымда Қырғызстан Республикасының су қоймалары көршілес елдерді суару суымен қамтамасыз ете алатын мөлшерде толтырылған.