Қазақстанның этносаралық төзімділік және қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдегі брендіне айналды - Н. Назарбаев

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның этносаралық төзімділік және қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдегі брендіне айналды. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Егер кеңірек қарайтын болсақ, қоғамдық келісім халықаралық аспектіге ие. Қазақстанның этносаралық төзімділік және қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдегі брендіне айналды»,-деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Ассамблеяның саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Болашақ үшін» жобасы мен төзімділік форумы халықаралық резонансқа ие болды.

«Таяуда Азия құрлығының 20-дан астам мемлекеті мүше болып табылатын АӨІСШК атқарушы хатшылығы біздің Ассамблея мен ынтымақтастық хаттамасына қол қоюы бастамасымен шықты. Біз оны қолдаймыз деп ойлаймын»,-деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар