Қазақстанның Халық банкі мен Альянс банк Павлодар облысында шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетеді
«Біз заемшыларға тиімді бағдарламалар дайындап отырмыз. Павлодарлық кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға 3,5 миллиард теңге бөлінеді», - деді М.Қабашев өз сөзінде.
Ал облыс әкімі мен «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың кездесуінде банктің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуы мен әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мәселесі сөз болды.
Журналистермен болған кездесуде банкир ханым өзі басқаратын қаржы институтының соңғы жетістіктері туралы, кәсіпкерлер үшін тартымды несие бағдарламалары туралы әңгімелеп берді.
Бүгін Үміт Шаяхметова ханым Екібастұзда ірі кәсіпорындардың басшыларымен келіссөз өткізеді.