Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы жылында Бахрейн біздің елмен кең ауқымды ықпалдастықты дамытпақшы
деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Осы елдің королі Хамад бен Иса Халифта болған қабылдау барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Бахрейннің жоғарғы басшылығы өз елінің инвесторларын және Манамада қызмет етіп жүрген арабтық және шетелдік банктердің инвесторларын Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанның Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуына қатысты барлық бастамаларына бірлесе араласуға қатысты ниеттерін әр кез қолдап отыруға дайын екендігін мәлімдеді.
Осы күні қазақстандық дипломат Бахрейннің премьер-министрі Халифа бен Салман әл Халифаны Астана қаласында биылғы жазда өткізілетін «Ислам Давосы» атанып кеткен ҮІІ Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының қатысушылары мен оның күн тәртібіндегі мәселелерден хабардар етіп, осы шараға қатысуға ресми шақыртуды табыс етті.