Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасы румыниялық компанияларға жаңа мүмкіндіктер ашады - Румыния Президенті

СТАНА. Наурыздың 2-сі. қазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылып жатқаны румыниялық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Румыния Президенті Траян Басеску осылай айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Н. Назарбаев румыниялық компанияларды Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға шақырғанын айтқан Т. Басеску: «Бұл біздер үшін тек құрмет қана емес, сонымен бірге румыниялық компаниялар үшін зор мүмкіндіктер. Бұл ұзақмерзімді бағдарлама, оған 50 млрд. доллар қаржы салынбақшы. Егер румыниялық компаниялар сапалы жұмыс істейтін болса, онда олар үшін Орталық Азияда өздерінің қызметін дамытуға мүмкіндіктері туады және тәжірибелермен әрі технологиялармен алмасуға көкжиек ашылады», деді. «Мен Астананың сән-салтанатымен таныстым. Бұл - тамаша қала Қазақстанның келешектегі дамуының символы болатынына сенімдімін. Мен Қазақстанға зор табыстар тілеймін», деді Румыния басшысы.

Соңғы жаңалықтар