Қазақстанның индустрияландыру картасына Қызылорда облысынан ұсынылған 92 жобаның 56-сы келесі кезеңге өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазақстанның индустрияландыру картасына Қызылорда облысы құны 296,5 млрд. теңге тұратын 92 жоба ұсынып отыр. Қазір жобаларды нақтылау барысында жалпы сомасы 251,1 млрд. теңге тұратын 56 инвестициялық жоба іріктеліп алынып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарауына берілді.
None
None

Бұлардың арасындағы «Кристалл менеджмент» ЖШС-і салатын Ақшабұлақ кенішіндегі газтурбиналық электр стансысының құрылысы мен «ТатуАгро» қолға алатын томат өндіру цехы жобасы келесі 2011 жылдың жоспарына кіретін түрі бар. Қалған 21,8 млрд. теңгелік 10 жобаның 12,3 7 млрд. теңге құнындағы 7-уі биылғы жылы іске асырылып, қосымша 236 жұмыс орны ашылды. Енді жыл соңына дейін тағы 3 жоба іске қосылып қалмақшы.

Соңғы жаңалықтар