Қазақстанның инновациялық жобаларына алдыңғы қатарлы француздық технологиялар мен тікелей инвестициялар тартылуда

ПАРИЖ-БРЮССЕЛЬ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестік алдыңғы қатарлы француздық технологиялар және тікелей инвестициялар тартылып отырған нақты инвестициялық жобалармен толығуда.
None
None

Бұл туралы Франциядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Елшілігінде аталып өтілгендей, ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ президенті Владимир Школьник бастаған қазақтандық делегация ҚР-дың Франциядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Дәненовтың қатысуымен Францияның экология, тұрақты даму, көлік және тұрғын үй министрі Натали Косюшко-Моризе және Францияның Атом энергиясы және баламалы энергия көзі комиссариатының бас директоры Бернар Бигомен келіссөздер өткізген.

Француз министрі Н.Косюшко-Моризе Астана саясаты мен қоршаған ортаны қорғау және қайта қалпына келтірілетін қуат көздерін дамыту жөніндегі Қазақстан үкіметінің шараларын үлкен қызғушылықпен қабыл алды. Болашақта бірлескен жобаларды қолға алуға қызығушылық таныта отырып, ол «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлік конференциясына қатысу мүмкіндігін беретін Қазақстанға келу туралы шақыртуды үлкен ризашылықпен қабыл алды, сондай-ақ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау білдірді.

Францияның бейбіт атомының ғылыми-техникалық ядросы болып табылатын Франция Атом энергиясы комиссариатының штаб-пәтерінде Владимир Школьник пен Бернар Биго ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жаңа перспективаларға жол ашып, Астанада күн батареясының панелін жасайтын зауыттың құрылысын қосқанда, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру ісінде маңызды құрамдас болып табылады.

Жалпы алғанда, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы және қайта қалпына келтірілетін энегрия көздерін дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бұл сапар өткен жылдың қазан айында ҚР Мемлекет басшысының Францияға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі жүзеге асыру жөніндегі үлкен жұмыстардың жалғасы болды.

Соңғы жаңалықтар