Қазақстанның Испаниядағы елшілігі «Азия үйі» қорына еліміз туралы ақпараттық материалдар тапсырды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше, маусымның 2-сінде Мадрид қаласында Қазақстанның Испаниядағы елшілігі «Азия үйі» қорына Қазақстан туралы ақпараттық материалдар тапсырды.
None
None
Салтанатқа Барселонадан келген «Азия үйінің» бас директоры Хесус Санс және Мадридтегі ұйым бөлімшесінің барлық қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанаттың ресми бөлімінде Қазақстанның Испаниядағы елшісі Ерғали Бөлегенов қысқаша баяндама жасап, Қазақстанның Азия құрылығында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өркениеттер және діндер арасындағы сұхбатты дамытуға бағытталған негізгі бастамалары жайында айтып берген. Сондай-ақ, Семей ядролық полигонын жабу және өз еркімен дүниежүзіндегі төртінші ядролық қоймадан бас тарту туралы Қазақстан басшылығының шешіміне айрықша тоқталған. «2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға және Испанияның Еуропалық Одаққа төрағалық жасайтынына байланысты, Қазақстан дипломаты екіжақты ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігіне көңіл аударды. Бұған қоса, әр түрлі салаларда басқа бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберінде келер жылы испан оқушыларының арасында Қазақстан туралы шығарма жазу бастамасын көтерді. «Азия үйінің» бас директоры берілген материалдар үшін алғыс білдіріп, олардың бір бөлегі ұйымның бас мекемесінің кітапханасы мен фонотекасына жіберілетінін атап өтті. Одан басқа, екіжақты қатынастарды тереңдетудің маңыздылығымен келісіп, 2010 жылғы Қазақстан және Испанияның халықаралық ұйымдарда төрағалық етуіне бағышталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруға даяр екендіктерін және қалайтындықтарын атап көрсетті», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум