Қазақстанның Канададағы Елшісі К. Жигалов Манитобаға сапарлады

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Осы аптада Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Константин Жигалов канадалық Манитоба провинциясында ресми сапармен болды, деп хабарлайды Оттавадағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Сапар барысында К. Жигалов провинцияның лейтенант-губернаторы Филип Лидің және Манитоба премьері Грэг Сэлинджердің қабылдауында болып, сонымен қатар осы жердегі бірқатар ведомстволардың басшыларымен кездесті.

Айта кетейік, Қазақстан елшісі Манитобаның Кәсіпкерлік, біліктілікті арттыру және сауда министрі П.Бьёрнсонмен 20-дан астам ірі компаниялар шақырылған «дөңгелек үстелге» қатысты.

Канада үшін Қазақстан ауыл шаруашылығы мен астық жабдықтары экспортындағы алтыншы ірі нарық болып табылады. 2012 жылы 20,1 млн. доллардың өнімі экспортталған, оның ішінде 76 пайызы Манитобаның үлесінде.

Осы сапар аясында қазақстандық дипломат канадалық әріптестерімен ынтымақтастықты бұдан әрі кеңейту жолдарын, сондай-ақ Қазақстан аумағында жабдықтарды жинауды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Соңғы жаңалықтар