Қазақстанның қаржы секторы халықаралық қауымдастықтың үнемі жоғары бағасын алып отыр - АҚШ елшілігінің Алматыдағы бас консулы

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ІВМ сияқты американдық компанияның осы маңызды және серпінді секторда белсенді жұмыс жасауына өте қуаныштымын.
None
None

Оны АҚШ елшілігінің Алматы қаласындағы бас консулы Майкл Сноуден бүгін Қазкоммерцбанктің ІВМ Power System серверлік платформасы негізінде іске қосылған мәліметтерді өңдеу орталығын іске қосу кезінде айтты.

«Қазақстанның қаржы секторы халықаралық қауымдастықтың үнемі жоғары бағасын алып отырады. Осындай деректерді өңдеудің орталығын құрастыру ІВМ мен Қазкоммерцбанк арасындағы тығыз байланыстың арқасында жүзеге асып отыр. Ол Қазақстанның банк секторының одан әрі дамуына өз септігін тигізеді», - дейді Майкл Сноуден. Бұл жобаны Қазкоммерцбанк ІВМ-ның бизнес-әріптесі Корпоративтік бизнес жүйесі (CВS) компаниясымен жүзеге асырып отыр. Банктің апатқа қарсы тұра алатын ақпараттық инфрақұрылымы мәліметтерді өңдеуге арналған 3 орталықтан құралмақ. Ол жылына 200 миллион операцияны өңдеуге мүмкіндік береді. Былтыр банкте жалпы 60 миллионнан астам трансакция жасалған болатын. Қазкоммерцбанк басшыларының сөзіне қарағанда, ақпараттық инфрақұрылымдағы мәліметтерді өңдеуге арналған орталықтардың бүгін Алматыда екіншісі өз қызметін бастады. Алдағы уақытта Астанада енді үшіншісі ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар