Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі қытайлық компания өкілдерін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды (ФОТО)

Іс-шара ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопиннің, «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі комитетінің Төрағасы Люй Синьхуаның, ҚХР-да тіркелген елшіліктердің және іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен өтті.
Елші өз сөзінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының, бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі мазмұнымен таныстырды.
Қатысушылар Қазақстанның инвестициялық саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуы, жақын және орташа мерзімді болашақтағы стратегиялық жоспарлары, мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат алды.
Ш.Нұрышев «жасыл энергетика» саласындағы қытайлық компания өкілдерін Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық әрекеттестікті ілгерілету мақсатында, «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі комитеті Қытайдың жетекші кәсіпорындарының делегациясын қалыптастырып, биылғы жылғы қыркүйекте Қазақстанға сапармен барады.